lat: Leksıkologıa
[грек. lexikos – сөз, сөзге қатысты, logos – ілім] з а т. л и н г в. Тілдің сөздік құрамы мен сөздік қорын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Оқулықтың басты бір мақсаты — тіл туралы мәлімет, стилистика мен лексикология, орфография мен орфоэпия, грамматика мен пунктуация, тіл ұстарту негіздерін, сайып келгенде, стилистикаға бағындыра отырып, оқушыны сөйлете білу («Қазақст. мект.»).
Тіл білімі фонетика, лексикология, семасиология, морфология, синтаксис тәрізді ірі-ірі арналы салалардан құралатын болса, стилистика осылардың барлығымен да еншілес («Қаз. әдеб.»).
Лексикологияның бірнеше салалары бар: сөздерді мағыналық жағынан – семасиология, тұрақты сөз тіркестерін – фразеология, сөздердің шығу төркінін – этимология, жалқы есімдерді – ономастика, сөздік құрастыруды – лексикография саласы қарастырады (ҚҰЭ).