Лепес қылды

lat: Lepes qyldy

Лебізін білдірді, игі тілек, жақсы ниет білдірді.

Секілді өмір қысқа жарты тұтам,

Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам,

Аз өмірді ақындық жолға бердім,

Лепес қып түкірген соң молда Мұқан (С.Торайғыров, Мағынасыз.).

Лепес қып өзі бастап, «ақын бол» деп,

Дұғасын ықыласпен берді маған.

Сондықтан бір мақсатым өлең жазу.

Оқу менен бірге іздеп, қоса жазу (С.Торайғыров, Мағынасыз.).