Лесс (сары топырақ)

lat: Less (sary topyraq)

ұсақ кварц микротүйіршіктерінен, слюдалардың және басқа да минералдардың қоспасы бар кейінгі сазды минералдар мен көмірқышқылды кальцийден (27-90%-і кварцтан және силикаттардан, 4-20%-і сазбалшықтан, 6% және одан астамы көмірқышқыл кальцийден) тұратын біртекті жіңішке микротүйіршікті, әдетте қабаттаспаған борпылдақ тау жынысы. Лёсстің жоғарғы бөлігі көбіне көмірқышқылды кальцийдің тасберіштерін (жұмыршақтарын) қамтиды. Тозаңды түйірөлшемді құрам, жай көзге көрінетін микрокеуектілік, шөп сабақтары қурағаннан кейін лёссте қалатын жіңішке тік арнашалардың болуы, отырылу (қатты дымқылдану кезінде таужыныс көлемінің өздігінен кішіреюі), көлденең және тік бағыттардағы анизотропты қасиеттер типтік лёсстің сипатты ерекшелігі болып табылады және жақсы сақталатын биік тікжарларды түзе алады.