lat: Letargıalyq uıqy
Ұзақ қимылсыз жатқан өлік сияқты аурулы күй.
Бұл аурудың көбіне көктем мен жазда, күзде басталатын алғашқы эпидемиялық түріне летаргиялық ұйқы жатады (М.Исамбаев, Мед. анықтама).
Ғылым летаргиялық ұйқыны да жете тексерді. Ол мұндай жағдайдың ми қыртысындағы клеткалардың шаршап тозу салдарынан болатынын анықтады (Е.Оразақов, Қайта соқ.).
Летаргиялық ұйқыда жатқан адамның сіңір рефлексі сақталғанын, тері мен шырышты қабықтардың ауырсынуды сезінбеуін, қабағының білінер-білінбес дірілін байқауға болады (ҚҰЭ).