lat: MÁDENIET
[ар. مدنية ] зат. 1. Жетілгендік, дамығандық, өркениеттілік.
Сөйлеуге табылмайды сөздің ізі,
Шықпайды кембағалдан шын қырмызы.
Бұл күнде мәдениет жолын біліп,
Қазақтың дана болды ұлы-қызы (О.Шораяқов, Шайыр).
Әлі де жүрміз мақұрым
Білімнен, мәдениеттен,
Жамандық болса – шақырдық,
Алыстан адал ниеттен (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
– Көрдім мен көшесі мол кең қаланы,
Көрдім мен салтанатты дарбазаны,
Көрдім мен мәдениет, салтанатты
Түсінде көрмейтұғын қыр қазағы (О.Шипин, Дастан.).
2. филос. <лат. cuitura> Адамдардың өмірі мен іс-әрекетінен, олардың материалдық және рухани байлықты, жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі.
Мәдениеттің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.). Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қыметі; бұл қызмет өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның, кен байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағыт алады (Филос. сөздік). Әрбір нақты мәдениет әлеуметтік болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде көрінеді (Мәд.-филос. энцикл. сөзд.).