lat: MÁJİLİS
(ар. мажлис مجلس) – жиналыс, жиылыс, кеңес.
Бұ әкім сарайында мәжіліс қылды, Мәжілісінде һәр кісіні құрмет етті («Қисса Хатымтай Жомарт». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).
Қарағым, жалғыз менен енді кетпе, Мәжіліс қылып отыралық бүгін мұнда («Қарабек батыр». Ақсауыт. ІІ том. 1977).
Патша қызы сарайына алып келіп, Бір сағатта мәжіліс жия салды («Таһир-Зүһра». Ғашықнаме, 1976).
Шақырған мәжілісіне келдім, – дейді, Бір еркек жоқ, өңшең қыз көрдім, – дейді («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).
Мәжіліс ойын-күлкі – сауық кеші. Қашырым қайда екен деп ішкері енсе, Бір мәжіліс ойын-күлкі келіп көрсе («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Тәнбүрә, сырнай-керней күйін күйлеп, Мәжіліс ойын-күлкі қылғандары («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).
Мәжілістесу – сөйлесу, сұхбаттасу, әңгімелесу.
Жатырмыз мін таба алмай сөзіңізден, Көрейік мәжілістесіп өзіңізбен («Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Мәжілісқор – сөзшең, сөзге әуес.