МӘН-ЖАЙ

lat: MÁN-JAI

зат. Бір нәрсенің қыр-сыры, жағдайы .

Ендігі бастың бәрі де алдымен сізге тартылады, деп, Сәдір де қостап қалды. Мұнікі де мән-жайды түсінген адамның сөзі.Мүсірепов, Ұлпан). Сарагүл ата-анасына мән-жайды түсіндірді де, жолға шықты («Қазақст. әйелдері»).

Сыр бермес, ортақ шешен тіл,

Айтпайды ашып мән-жайын.

Ашылмас ескі ауыр сыр,

Барлығы мұнда дап-дайын (XX ғ. қаз. ақын.).

Мен айттым мән-жайымды қалдырмастан,

Жетім боп қалғанымды бала жастан.

Қалшылдап корыққанымнан дірілдедім,

Жатқанды шөпке келіп айттым бастан.Әзірбаев, Таңд. шығ.).