lat: MÁNDİ
сын. 1. Мәні бар, мағыналы.
Қазақ тіліндегі қарсылас мәнді сөздер – антонимдер (Мысалы: бар-жоқ, аз-көп, ескі-жаңа, ақ-қара) екі жар болып, мақалдың екі қанатына бөлінеді де, шендестіруді құрайды (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).
2. Мазмұнды, маңызы бар.
Естімесең, білмесең,
Мәз болып бір күлмесең,
Тыңда қызық әңгіме
Маңызды да, мәндіде (Ә.Дүйсенбаев, Көңілді.).
Түсінсең соның бәрін мәнді етемін,
Толқытам күй күмбірі, ән жетегін.
Ел білсін, дос сүйсінсін, дұшпан ұқсын
Тұғыры Қазақстан әлді екенін (К.Салықов, Жезкиік).
Болады сөз мәнді,
Бас изе ісінбей.
Біз ит боп жазғанды
Жүрсің сен түсінбей (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).