lat: MÁNDİLİK
зат. 1. Мәні барлық, мағыналық, маңыздылық.
Т.Жароковтың «Күн тіл қатты» поэмасы тақырыптың мәнділігі мен маңыздылығы, тақырыпқа сай романтикалық асқақ әуен, көркемдік жаңа формамен де қадірлі, құнды («Қазақст. мект.»). Ұлпан бейнесінің ұлылығы, ол тындырған істердің мәнділігі – оның қай заманда өмір сүргенін, қай кезеңде қарекет еткенін еске алсақ, тіпті зорайып, биіктей бастайды (Ж.Ысмағұлов, Адам.).
2. псих. Адам жанының түрткі, уәждерінен туындайтын қажеттілік.
Мәнділік тұрақты және өткінші болып бөлінеді. Мысалы, адамның оқуға, білім алуға қатысы тұрақты мәнділік болып келсе, ал қолында сағаты жоқ кісінің уақыт мерзімін білгісі келген кездегі жағдайынан уақытша мәнділік орын алады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Анимизм – рухани мәнділіктер мен тіршілік иелерінің өмір сүруі жөніндегі көзқарастар және адамдардың солармен қарым-қатынас орнатуының мүмкіндіктеріне сенушілік («Парасат»).