lat: MÁRTE
[ир. مرته ] үст. Рет, қайтара.
Қобызда, домбырада – ендігі үнде, Ұрансыз ұйықтағаның елдігің бе? – Білсеңші неше мәрте ат үстінен, Алғыздық еңіреген ерді кімге (Х.Ерғалиев, Жылдар.). Мен аптасына екі мәрте көркемөнершілер үйірмесіне қатынасамын (С.Омаров, Өмір.). – Айтқаныңыздың бәрін бұлжытпай орындаймын, Әзаға, – деді Бәкен. – Рахмет. Мың мәрте рахмет! (М.Мағауин, Көк мұнар). Не де болса, Дәрменнің бір күйді үш мәрте қайталап тартуымен мәжіліс тынды (Т.Әлімқұлов, Сейтек.).