lat: MÁSLIHAT
[ар. مصلحة ] зат. 1. Ақыл, кеңес.
Сібір халқын ғылымға, жағрафия, тарих һәм рәсімін үйренуге қызықтыру үшін не қылу керек деп, біз мәслихат берер едік (М.Дулатов, Шығ.).
2. Белгілі бір мәселені бірлесіп отырып шешетін кеңес, мәжіліс.
Байжан мен Гүлнар екінші рет искусство жұмысын басқаратын мекеменің мәслихатында кездесті (С.Мұқанов, Сырдария). Оқытушылардың аудандық мәслихатына келген бетте-ақ Шаймерден емханаға кіріп, Ақмоншақтың халін білген (М.Иманжанов, Таныс қыз).
3. этн. Өліктің қонағасын өткізу туралы кеңес.
Мәслихатта елдің, рудың үлкендері, қайтыс болған кісі қашан жерленеді, күтуші кімдер болады, қандай шығындар шығады деген мәселелерді шешеді (Қаз. әдет-ғұрып.).