МӨЛДІР

lat: MÓLDİR

сын. 1. Судың түсіндай түс.

Жеген мал қысыр қалмаған

Бетеге, тарлау, шырышың

Карабөктер мүк, жусан.

Ерте кашқан шыбышың,

Саған келіп ішіп ек

Тұнықты мөлдір шынысын (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Су мөлдір ме, мендегі ой мөлдір ме,

Ғажайып бір ертекке айналды ірге.

Өзеніңе бас қойдым шөлдеп келіп,

Өзім баққан су іштім қоймен бірге .Молдағалиев, Шақырады.).

Тұнжыраған көзімде

Тұрды мөлдір жас талай

Айтарымды кезінде

Айтып-айтып тастамай! .Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Дүние атаулы теп-тегіс мөлдір болса, Көлеңке орнығады қайда барып? .Құдайбердиев, Шығ.).

2. Таза, лай емес, тұнық.

Анда жүріп шөлдеген Ашам патса,

Аңсағанға қандай ем, сусын тапса?!

Алыстау жаяу қойшы көрініпті,

Мөлдір бұлақ су іздеп келе жатса .Құдайбердиев, Шығ.).

Шанағынанмөлдір бұлақ орғыған,

Ою, нәшпен көмкерілген жиегі

Мен кеткенде жоқтар ма екен домбырам?

Ол да сондай болар ма екен киелі? .Жақыпбаев, Ләйлә).

Үдербай неше күндей қазғаннан соң,

Су шыққан балдан тәтті, мөлдір,тұнық.

Сылдырап мың бұралып аққан бұлақ .Шипин, Дастан.).

3. Түтін емес, таза, жағымсыз иісі жоқ.

Тұмалардан тыңдап зеңгір тау әнін,

Жұпар иісін жұттың мөлдір ауаның.

Жаның ашып жасқа толып жанарың,

Қайтқан құсқа қайта-қайта қарадың .Мәуленов, Алыс кет.).

Сол жолменен жоғарыға ұмтылып,

Ауа мөлдір, ән де мөлдір тұп-тұнық,

Тыңдады-ау бір бозторғайын өзінің

Сол бір сәтте жатқан дала тік тұрып,

Бақытты ғой көктегі құс ол да аса

Сол биігі, сол мекені қолдаса,

Далаңның құр далиғаны не керек

Боз торғайы, өз торғайы болмаса! (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

4. Ашық, бұлтсыз .

Аспан шығар, сондай көгілдір, сондай мөлдір.Тоқтаров, Терістік.).

Таңы мөлдір, кеші күлген,

Қайғы-дерттен таза кеуде.

Енді ешкімнің есімін де

Жүрегіме жаза көрме .Молдағалиев, Шақырады.).

5.ауыс. Ақ, таза, пәк.

Өлген де жөн!

Мөлдір пейіл ақ сана,

Неге мені алды´ қоршау-жақшаға?

Енді өлімге бет бұрғанда, неліктен

Тірілттің сен кебіс алар ақшаңа?! .Жақыпбаев, Ләйлә).