lat: MÓLDİRE
ет. 1. Тұп-тұнық болып жату .
Ал теміржолдан әрі қарай мөлдіреп жатқан айдын шалқар көл (Н.Көшекбаев, Қарулас дос.). Ол оқыған мектеп бұл бір кездегі, Оны іздеп мен неше рет күн кезгелі. Іргесінде мөлдіреп Нева жатыр, Тұр жарқырап Смольный күмбездері (С.Мәуленов, Алыс кет.). Мөлдірейді көк сынық көл де сен деп, Қарағайын тартады жел де сен деп. Келіп ем мен де сен деп, «Аяулым, енді есен бол» (Т.Айбергенов, Мен саған.).
2. Жәудiрeу, жаудырау .
Уыздай уылжыған нұрлы жүзің,
Мөлдірер қарақаттай екі көзің. Қылықпен жан тартатын сөйлегенде Тастайды құр сүлдемді кей мінезің (М.Дулатов, Шығ.). Мөлдірей жайнаған екі көзге көзім түсіп кетті (С.Сейфуллин, Шығ.).
Алтын үкі былғақтап,
Былғақтаса, күй қаптап,
Ақ саусағы бұлдырап,
Ақ моншағы сылдырап,
Қара көзі мөлдіреп,
Кекіл шашы желбіреп,
Қыпша белі бұралып,
Қиғаш қасы – бір әліп,
Қыз Раушан – қызыл тал,
Өзі сері, өзі сал,
Ықыластың күйлерін
Қар суындай жүлгенің
Жүйкіткенде, жүйенің
Бәрі босап, балқыды-ау,
Шабыт шіркін шалқыды-ау! (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
Маңдайы қисайып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтылып тұр еді-ау (Ж.Аймауытов, Шығ.).
3. Жылтылдау, жылт-жылт ету .
Қараған тұңғыш көркімен
Алғашқы шық мөлдіреп.
Қараған тұңғыш тау гүлі,
Қараған тұңғыш таң нұры,
Есігін ашты алғашқы
Мен үшін Ай, Күн барлығы (С.Мәуленов, Алыс кет.).
Көкжиек көліне
Шомылды шың-құз,
Мөлдіреп көгінде Көрінді жұлдыз (С.Мәуленов, Алыс кет.).
4.ауыс. Әдемілену, сұлулану .
Дала боп қара сен маған, тау да боп қара,
Өз махаббатын балаға арнамап па ана.
Анау бір жылы тұрушы ең мөлдіреп, сәулем,
Жүзімді менің көретін айна боп қана (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
Мешіттің көк күмбезі сонау зеңгір аспанның өзіне көгілдір сәуле шашқандай, әншейінде шыжыған шілдедегі аптап ыстықтан отқа ұсталғандай өңі тайып, ақ айранданып тұратын ол бүгін қайтадан ніл жүгіріп, м ө л д і р е й қалыпты (Ә.Кекілбаев, Шығ.). Таң атқан сайын мөлдіреп, Үміттің көлін кешемін. Ойлама мені сөнді деп, Тыңдама жұрттың өсегін (М.Шаханов, Ғасырлар.)