lat: MÓLDİRET
ет. Көзін мөлт-мөлт еткізіп жылау, ағызу, көз жасын мөлтілдету .
Ақ бұлтын ақ жаулықтай желбіретіп, Сағымын көз жасындай мөлдіретіп (С.Мәуленов, Алтын). Көңіл құрғыр ұры екен, байқаусызда мөлдіретіп тұндырар жанарға шық (Қ.Бұғыбаева, Қыз-дәурен). Өзегінде өзгеше алау лаулады, Болып бейне жер-дүние аумағы. Мөлдіреттің көздің ыстық бір селін, Бәлкім мөлдір махаббатың бұл сенің (Т.Айбергенов, Мен саған.). Көзінен мөлдіретіп моншақ үзіп, Мұңайып қош айтқандай бір гүл маған (И.Сапарбаев, Бозқараған).