МӨЛШЕР

lat: MÓLSHER

зат. 1. Белгілі бір нәрсенің, заттың жалпы аумағын көрсететін шама, көлем.

Біл әр жерде, әр нәрсенің мөлшерін,

Қастандық пен достықтың да біл шегін (Мақалнама).

Мастодонның (піл тектес айуан) бас сүйегінің ұзындығы екі метрге жуық, ені бір метрдей, салмағы 350 килограмм мөлшерінде (С.Мұқанов, Шығ.).

2.мед. Бір жолғы қабылдауға арналған дәрі көлемі .

3. Қоспа құрамына кіретін заттардың дәл шамасы.