МӨЛШЕРЛІ

lat: MÓLSHERLİ

сын. 1. Болжамды, шамаланған

Бес мөлшерлі.

2. Белгілі бір өлшемді, шектеулі.

Аз мөлшерлі витамин күнделікті тамақ құрамына еттен, бауырдан, сүттен, жұмыртқадан және басқалардан келіп жатады (Б.Омарұлы, Жүрек.). Поезд жолдың мөлшерлі жеріне келіп тоқтаған соң, шал түсуге жиналды (I.Жансүгіров, Шығ.). Суды қанша ішем десең де еркің, ал басқалары мөлшерлі (Ә.Сараев, Алтын арал).