lat: MÓLSHERLE
ет. Заттың, нәрсенің көлемін, шама-шарқын, аумағын анықтау, болжалдап, топшылап байқау .
Біз ішімізден: «Батыр жасында баласы Рамазан кескіндес болған шығар», – деп, мөлшерлейтінбіз (Ж.Жұмақанов, Москва.). Көзбен мөлшерлеп, сәлден соң болатты құйыңдар деген белгі бердім (Ш.Есмұрзаев, Мәртебе). Ахмет уақытты айға қарап мөлшерледі де, бақшаға қарай жүрді (Ә.Шәріпов, Сахара қызы).