МӨЛШЕРЛЕС

lat: MÓLSHERLES

қарайлас, қатарлас.

Капиталистердің арасындағы бәсеке бір мөлшерлес капиталдың пайдасы бірдей болуына әкеп соғады (Қысқ. саяси экон.). Жарық пен көлеңке өлшеулері кілең мөлшерлес жүреді («Қазақст. мұғ.»). Әкесі дүниеден қайтқанда осы мөлшерлес екен (Т.Тілеуханов, Өмір).