МӨР

lat: MÓR

[ар. مهر ] зат.1. Бетінде ойып жасалған әріп белгілері бар, бір нәрсені куәландыру, растау үшін басатын мекеменің ресми белгісі.

Қалың ел қарсы болды өре тұрып,

Бермейміз баламызды тірі отырып.

Тізімді мөріменен тартып алып,

Жіберді болысының өзін ұрып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Патшаның мөрі сол болса керек.

Үлгісі мінеки деп,

Ормекеңе алып келіп берді (С.Шарипов, Бекболат).

Келген адамның арызын тыңдап, ақ-қарасын айырудың орнына биші кештер алдына келген етке пышақтарын суырғандай, жандарына қолдарын салысып, мөрлерін суырысып жатты (I.Жансүгіров, Шығ.). Ауылнайлықты қабылдап алды: қабылдағаны мөр мен көне портфель ғана (З.Иманбаев, Айналайын.).

2. Сол мөрдің қағазға түскен таңбасы.

Бұл фактінің растығын берілген мәліметтерге қойылған таңбалар мен мөрлерде дәлелдейді (Ш.Уәлиханов, Мақала. хат.). Конверттің сыртындағы мөрге қарағанда, почтаға Омбыдан салған, ішіндегі сөзі мынау (М.Дулатов, Шығ.).

3. ауыс. Із, белгі.

Араб философиясы мен араб ойшылдары туралы біздің аз-маз мәліметтеріміз Ғарифолла Есім аударып қазақ тілінде ұсынған Ибн-Арабидің «Адам хақындағы құдыретті даналық мөрі» деген еңбегімен одан әрі кеңейе түсетіні сөзсіз (“Түркістан”). Қорлық, азап жас жігіттің өңіне мөрін Батпитып басыпты (З.Шашкин, Ұядан ұш.).

4.ауыс. Билік, қызмет, лауазым.

“Жетсем, дәл осы жолы дәулеттер... болыстық мөрден айырылатын ед... Әттең, сайлау!..» деп, үзіліп кеткен көрінеді (“Түркістан”). Берді де: Болсын, деді, мөрің құтты! Ақылмен билеп-төстеп екі-үш жұртты. Хабарын Апрасияптың біле қойсаң, ұстап ал ебін тауып (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).