МӨР

lat: MÓR

зат. ауыс. Бір нәрсенің таңбасы, өзіндік белгісі .

Қасиеттеп, қадірлі жерімізді,

Қалдырайық, басайық мөрімізді .

Әуестемей әлдекім салған ізді,

Өзімізше сызайық таңбамызды

(1,137).


Үкімі оның арыздануға жатпайды,

Мәңгі құлпыда, мәңгілік мөрін сақтайды.

Дәуірлердің де, ғасырлардың да бәрінің,

Ақиқат өлім белінен бір-ақ аттайды

(3,246).