ұзақ немесе тұрақты түрде еңбекке жарамдылығын жоғалту немесе оның едәуір шектелуі. Ауырлығына қарай мүгедектікті үш топқа бөледі – бірінші, екінші, үшінші. Мүгедектікке душар болғанда зейнетақы және ай сайынғы жәрдемақылар тағайындалады, әлеуметтік қамсыздандырудың басқа да түрлері мен қызмет көрсетулер ұсынылады. Заңнама бойынша мүгедектіктің мынадай себептері қарастырылған, олардың әрқайсысының нақты құқықтық салдарлары болады: 1) жалпы аурулар (оның ішінде өндіріспен немесе жұмыспен байланысты емес мертігу); 2) еңбекте мертігу және кәсіби аурулар; пневмокиниозбен кәсіби ауыру; 3) мемлекетті қорғау немесе әскери қызметтің басқа міндеттерін атқару кезінде жарақаттану немесе соғыста болумен байланысты ауру түрлері (контузия, мертігу); 4) әскери қызмет міндеттерін атқарумен байланысты емес жазатайым оқиғалар салдарынан алынған мертігу немесе соғыста болумен байланысты емес ауру түрлері. Қажет болған жағдайларда, егер осы жағдаймен нақты бір құқықтық салдарлар байланысты болса, мүгедектіктің басталу уақыты да белгіленеді (бала кезден, еңбек етуді бастағанға дейін және т.б.).