lat: MÚLİKTİK QUQYQTAR
мүлікті иеленумен, пайдаланумен, сондай-ақ осы мүлікті тарату және ауыстыру (тауарлармен, қызметтермен, ақшамен және т.б) бойынша азаматтық айналым қатысушылары арасында пайда болатын талаптармен байланысты құқықтық қатынасқа қатысушылардың субъективтік құқықтары.
Мүліктік құқық меншік иесінің құқықтылығы, оперативтік басқарудың құқығы және басқа да заттық құқықтар, сонымен бірге міндеттік құқықтар (оның ішінде азаматтың денсаулығына тигізілген залалдың орнын толтыру, еңбекақыны жоғалту салдары, сондай-ақ, заңды тұлға мүлкіне тигізілген зияндар), жасаған шығармалары үшін (шығармашылық еңбек нәтижелері) авторлар, ойлап тапқыштардың сыйлыққа (гонорарларға) құқықтары, мұрагерлік құқықтары болып табылады.