МҮЛДЕМ

lat: MÚLDEM

ү с т. с ө й л. Мүлде .


Үй ішіне қолқабыс тигізуден енесі биыл мүлдем қалған.Әлішев, Ат тұяғы.).

Үйірдегі төрт буыршын мүлдем сыйыса алмады.Елубаев, Ойсыл қара).

Балабек баяғы бала кезіндегісіне мүлдем ұқсамайтын, жүзіктің көзінен өткендей азамат болып ержетіпті.Тілеков, Ерекше күн).