lat: MÚSİN
зат. 1 . Адамның (әсіресе әйелдің) дене бітімінің келісті кескіні мен үйлесімдігі (әдемілігі).
Зәмзам суы сенен арзан, тата алмаған кәусарым,
Сенің әсем мүсініңді сөзбен қалай таусамын?!
Мың Мәжнүн мендей, сірә, тебіренбеген шығар-ау,
Аппақ құсым, қайдасың сен?
Аңсадым-ау, аңсадым (1,213).
Мүсінін -ай ана қыздың!
Ах! Еңбек пе?!
Ұлы еңбек бара жатыр
Дүрілдетіп төсінде даламыздың
(2,244).
2 . Бір нәрсенің (заттың) кескін-келбеті, түр-тұлғасы, пішіні .
Бір қолында батпандай қуыршағы,
Бір қолында ойыншық құлыншағы.
Екі жансыз мүсінді мәпелейді,
Мәпелейді, біресе ұрысады (1,290).
Бір тал масақ мүсінін салмақ болған,
Тас ағашпен айнала шарбақталған.
Жұдырықтай қарт зергер құлан ұрып,
Құлын мүшеге оралып, саңлақтанған (1,202).
3 . өнер. Біреудің немесе бір заттың қоладан құйып жасаған бет-бейнесі, дене бітімі .
Қарадым сенің қола мүсініңе ,
Қоланы да болады түсінуге.
Мені тәңірім жаратқан табынуға,
Сенің мәңгі қақың жоқ кішіруге (2,361).
Қара орныңнан айналдым, ұям менің,
Күмістен мүсініңді құяр ма едім.
Әлдеқалай аспаннан құлап түссем,
Аядай босағаңды қияр ма едің? (3,262).