lat: MÚSİNDEI
с ы н. Мүсін сияқты.
Қиын сәттерде оның жақ сүйегі адырайып, өзі тас мүсіндей қатып қалатын (Е.Төреханов, Хантәңірі).
Піл сүйегінен жасалған әдемі мүсіндей қыз денесі көздің жауын алатын (М.Құмарбеков, Шынар).
Мүсіндей сүмбіл, сұңғақ тіп-тік болып, сегізге биыл ғана тұрсың толып («Қаз. әдеб.»).