МҮШЕЛІК

lat: MÚSHELİK

з а т. Белгілі бір ұйымға мүше болушылық; белгілі бір партияның, ұйымның құрамында болу .

Тегінде тәртіптіліктің басты үлгісі бір рет мүшелікке енген партияға ақырына дейін адалдық, соның туы астында отқа да, суға да түсуге тайынбастай беріктік болушы еді ғой («Егемен Қазақстан»).

Одан әрі Әліби Аманкелді Иманов партия мүшелігіне алынды деп есептелетінін айтты (М.Жұмағұлов, Қыран.).

Сол кезде комсомолға мүшелікке бірге өткен Гүлсім Құмаева қазір Қазалыда мұғалім болып істейді.Өтепов, Ғани Мүратбаев.).