МҮШЕЛІТАНУШЫ

lat: MÚSHELİTANÝSHY

мүшелді зерттеумен айналысатын маман. Мүшелітанудың негізін салған - Ә. Мұхамбетова. Мүшелітанушы жан-жақты зерттей отырып мәдениет философы мынандай қорытындыға келді: «Мүшелі жас қазіргі заманғы медицинада белгілі адамның ірі гормондық жүйесіне сәйкес кезеңдерімен тоқайласады, сол себепті адамның ағзасы бұл кезеңде тұрақты тепе-теңдігінен айырылады. Мәселен, 13 жаста жыныстық кезеңі пісіп жетіледі, ал 25 жаста өсетін гормонның шығуы тоқтатылады, 37 жас –психологиялық тоқыраудың белгілі кезеңі, яғни адам өмірінің «көлеңкелі сәті мол аралық».