lat: MÝFLON
[франц. muflon] зат.зоол. Т аулы жерде болатын тағы қой, арқардың бір түрі.
Муфлондардың санының азаюына байланысты қазір олар қорғауға алынған («Егемен Қазақстан»). Қазіргі қой малының арғы тегі муфлон деп аталады (Ғалам ғажап.). Муфлондар таулы жерлерде тіршілік етеді. Жылдың жылы мезгілдерінде таудың биік жоталарында тіршілік етсе, салқын түсе тау етектеріне қарай түседі (ҚҰЭ).