lat: MÝFTA
[нем. Muffe]зат.тех. Мәшиненің мотор күшін артқы белтетікке қосатын жалғастыру тетігі; біліктерді, құбырларды, болат арқандар мен кабельдерді т.б. жалғастыруға арналған құрылғы.
Машинажасау өнеркәсібінде әртүрлі конструкциялы муфталар өзара айналыс беретін ортақ осьті екі валды қосу үшін қолданылады (Сызу). Құбырларды өзара жалғастыратын муфтаның бір түрін фитинг деп атайды (ҚҰЭ). Коррозиядан қорғайтын муфталар және машиналар мен механизмдердің айналдырушы қозғалыс пен айналдырушы моментті бір біліктен екіншісіне немесе біліктен онда орнатылған тетікке (мыс., шкив, тісті дөңгелек) беретін жетек муфталары сараланады (Қаз. тілі термин. Кен.).