lat: MÝLDA
[нем. Mulde] зат. 1. Болат қорытатын пештегі шикізатты салатын болаттан жасалған қорап.
Мульда – болат балқыту өндірісінде – шикіқұрамды, қорытылатын шикізаттар қосындысын мартен пешіне механикалық әдіспен салғанда пайдаланылатын болат, әдетте, құйма қорап (сыйымдылығы – 0,25-3,3 м) (ҚҰЭ).
2. Сұйық металдан сомдалған кесектерді құю үшін қолданылатын құйғыш мәшинедегі қалып .
Есен мульданы жүргізеді, мен өзім приборда отырып, механизмді басқарам (З.Шашкин, Өмір тыныс).
3. геол. Өлшемдері тең немесе астау тәрізді ұзынша келген тектоникалық ойпаңдардың не олардың синклиналь пішіндегі бөліктерінің жалпы аты.
Мульданы құрайтын түзілімдер әдетте шамалы дислокацияланған, астындағы таужыныстар қат-қабаттарына трангресс түрде орналасады (ҚҰЭ). Мульда біршама баяу тектоникалық режим жағдайларында пайда болады (ҚҰЭ). Қазақстанның қатпар таулы аумақтарында арынды сулар қалыптасқан біршама құрылымдар кездеседі. Жекелей алғанда бұларға Қаратаудың және Талас Алатауының батыс сілемдерінің (Оғам, Қаржатау жоталары) девон-карбон шөгінділерінің брахисинклиналдық, синклиналдық мульда іспетті құрылымдарын жатқызуға болады (К.Сапарбайұлы, Геология.).