lat: MÝLTIPLIKATOR
[лат. multiplicator] з а т. 1.экон. Ұлттық өнімнің, табыстың және ақша айналымының өсуін айқындайтын сандық коэффициент.
Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 ж. ағылшын экономисі Р.Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді (ҚҰЭ). Инвестициялық мультипликатор – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы (Қаз. тілі термин. Экономика.).
2. өнер . Мультипликация жаса- ушы адам, мультипликациялық кино суретшісі.
Мультипликатордың істейтін жұмысы.
3. физ. Әлсіз токтардың күшін өлшейтін аспап .
Токты мультипликатормен өлшеді (Ауызекі).
4. Бір заттан бір мезгілдің ішінде көп сурет түсіріп беретін камера .
Мультипликаторда суретке түсірді (Ауызекі).