парсы тілінде тең, бүйірлі төртбұрыш (квадрат) деген мағына береді. Төрт тармақты шумақ қолданылатын өлең түрі. Тармақтары дербес мағыналы болып, ішіндегі сөздер өзінше реттесіп келеді де, өлеңнің әр жолы оңнан солға қарай да, жоғарыдан томен қарай да оқуға мүмкіндік береді. Ұйқас кесте сі – а-а-а-б, в-в-в-б, г-г-г-б түрінде болады.
Опасы жоқ дүнне,
Болған саған кім ие?
Бізге де жақтың кір-күйе,
Барып тұрған мекерсің.
Қамсыз адам елде жоқ,
Жыламаған пенде жоқ,
Табылар шипаем де жоқ,
Заманым, не боп кетерсің?
Баянды бақыт келгенше,
Жарықты қайта көргенше,
Не жазықсыз өлгенше,
Қорлықпен күнім өтерсің. (Танжарық).
Абылқасымов Б.