МУСКУС

lat: MÝSKÝS

[лат. muscus] зат Бірқатар жануарлардың ұрық безінен алынатын иісі күшті зат .

Жануарлар мускусы арнайы бездерде түзілетін қоңыр циклды кетондар тобы болатындықтан, өзіндік ерекше иісі бар (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Мускус құдыр текесінің арнайы безінен алынатын күрделі, құрамды, жұпар иісті зат (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.). Құдырдың етінен басқа, мускус деп аталатын затты медицина мен парфюмерияда қолданады (“Қаз. әдеб.”).