lat: MÝSKAT
[франц. muscat, лат. muscus] зат. 1. Жүзімнің жұпар иісті сорты .
Тәжірибе жүзімнің венгерлік мускат сортына, алманың апорт сортына жасалды (К.Нұрмағамбетов, Микротыңайтқыштар). Жүзімнің мускат түрінен десертті шараптан басқа асханалық шарап, аққайнар, шарап материадары, шырындар, шырынсулар өндіріледі (Қаз. тілі термин. Тамақ.). 2. Жүзімнің осы сортынан жасалған шарап . Итбай ыдыс пен арақ қойған шкафтың ішін ашса, мускат т . б. түрлі арақтың бөтелкелері лық толып тұр екен (С. Мұқанов, Ботагөз). М у с к а т құрамында 13-16% көлемдік спирт және 16-27 қант бар (Қаз. тілі термин. Тамақ.).