МУТАНТ

lat: MÝTANT

зат.биол. Мутациялау жолымен алынған жануар мен өсімдіктің жекеленген түрі.

Мутанттар арасында көптеген жарамсыз өзгерістер де болады, сонымен қатар өте құнды жаңа формалар да туылады (Қ.Бақтыбаев, Атом). Мутанттың басым көпшілігі бастапқы организмдерден әртүрлі құрылымдары мен функцияларының бұзылуымен әрі тіршілікке бейімділігінің төмендігімен ерекшеленеді (ҚҰЭ).