lat: MÝZEI
[грек. museion] зат.кіт. Материалдық мәдениеттің заттарын жинап, жүйеге салып, көрме ұйымдастырумен айналысатын мекеме, мұражай.
Қазақстанда музей тарихы 1830 жылдан басталады («Қазақст. мект.»).
Музей іші – Қалдырған сенің мол мұраң.
Музей іші – Мәңгілікке болды ұяң.
Музейде тұр Жан серігің – домбыраң (С.Мәуленов, Алыс кет.).
Музей – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме (ҚҰЭ).