МУЗЕЙТАНУ

lat: MÝZEITANÝ

зат. Музей ісі мен тарихын, оларды ұйымдастыру мен қызметтер жүйесін, әдістемесін зерттейтін ғылым саласы.

Музейтану термин. 19 ғасырдың 2-жартысында ғылыми айналымға енді («Қазақст. мект.»). Музейтану арнайы пән ретінде музей ісінің теориялық және тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік негіздерін жасайды, музей ісіндегі тарихи-ғылыми, танымдық тәжірибелерді қорытындылайды (ҚҰЭ).