МУЗЫКАЛЫ

lat: MÝZYKALY

сын. Музыкасы ойнаған, сазды, әуезді, әнді.

Бейімбеттің «Жалбыр» атты музыкалы пьесасы бізге ұнады (Ж.Арыстанов, Естен кетп.). Сұлтанмахмұт енді бұл жолы Жаяу Мұса әндерінің басқа әндерден ойнақы, күйлі, музыкалы келетінін айтты (Д.Әбілев, Баянауыл). Қазір ауданымызда ұлттық музыкалы драма театры жұмыс істейді (Бозінген).

Қос ішекпен домбыраға күй келер,

Қандай әсем пар ат жеккен күймелер.

Омырауынан бүршік жарып қос алма ақ,

Музыкалы қыз өмірі басталмақ (Т.Айбергенов, Мен саған.).