Адамдардың амал-әрекеттері мен өмірді ұйымдастыру формаларында, типтерінде көрініс тапқан адам және қоғамның дамуының тарихи бір деңгейі, сонымен қатар адам өз тарихы бойында қолымен жасаған материалды зат, нысан, идея мен образдар жиынтығы, яғни адамзаттың тұтас алғанда барлық жетістіктері, адам өзі жасаған «екінші табиғат». А. Кребер мен С. Клакхонның пікірінше «мәдениет адамның ашық және жабық ойлау схемалары мен іс-әрекеттерінен тұрады, бұл тек адам қауымдастықтарына ғана тән және символдарда көрініс тауып, адамнан адамға және ұрпақтан ұрпаққа беріледі» Кез келген мәдениеттің негізі салт-дәстүр арқылы берілетін идеялар мен құндылықтар болып табылады.