адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері. Әлеуметтік болмыс адамсыз тірлік етпейді, оның табиғаттан айырмашылығы да дәл осы қасиетінде. Көне гректер күтімді, қолмен өңделген мәдениет әлемін күтімсіз, өндеусіз, жабайы әлемнен айырғанда осы туралы ойланған еді. Осы айырмашылық жасанды, өнерлі мен табиғи, өнерсіз нәрселердің оппозициясынан да байқалады. Философия тұрғысынан мәселе мәдениеттің анықтамасында емес, адамзаттың әлеуметтік болмысын сақтау ісіндегі эволюция нұсқаларын анықтауда. Мұндағы ең басты нәрсе сақтау мен жаңарудың нақты кескіндерін суреттеуде, олардың өзара байланысын табуда. Мәдениеттану жатынан келсек, әрбір нақты мәдениет әлеуметтік болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда мәдениеттің ең басты мәселесі адамзат болмысының жандану мен өзгеріске түсуінің, немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы. Бұл мәселенің жалпыға бірдей әмбебап шешімі жоқ. Егер адамзаттың ертедегі қауымдастықтарында басты қалып ретінде әлеуметтік ұйымның өзгерместігін қамсыздандыратын дәстүр көрінсе, одан кейінгі кездері жаңарудың маңызы артады, ал соңғы онжылдықтарда әртүрлі дәстүр мен түрлі жаңашылдықтың өзара кірігуі басты бағытқа айналғандай.