Мән

lat: Mán

Белгілі бір нәрсенің мазмұны, барлық басқа заттармен салыстырғанда белгілі бір жағдайдың әсерімен өзгеріске ұшыраған қалпымен салыстырғанда оның ешнәрсеге қатыссыз бірегейлігі Мән ұғымы кез келген философиялық жүйе үшін, Мәннің болмысқа және зат Мәннің сапаға, ой тұжырымдауға, қатысы тұрғысынан алғанда бұл жүйені ажырату үшін өте маңызды. Объективті идеализм үшін болмыс,шындық және өмір сүру ешнәрсеге қатыспайтын абстракт деп қаралатын Мәнге тәуелді. Мұндай жағдайда заттың Мәні барлық затта туындап, соны басшылыққа алатын ерекше идеалды шындықты құрайды (Платон, Гегель). Жалаң - идеалистік бағыт үшін Мән субъектіні тудырушы, оны зат түрінде түзуші болып табылады. Мәселені дұрысынан қою - зат Мәнінің шын объективтілігін және оның санада бейнеленуін мойындау. Мәннің заттан тыс орны жоқ, оның басты қасиетінің өзі осыда. Адам танымы бірте-бірте объективті дүниенің мәнін меңгеріп, барған сайын оған тереңдей түседі. Бұл ілім объективті дүниеге керісінше, оны іс жүзінде қайта құру үшін пайдаланылады. Мән мен мән құбылыс әртекті және сонымен бірге бір-бірінен ажырағысыз. Мән алдымен құбылысқа, ал мән құбылысы Мәнді көрсетеді және тек сондықтан ғана ол құбылыстың бейберекет табиғатын аңғаруға және сол жөнінде ой тұжырымдауға мүмкіндік береді.