Мәртебесі [мерейі] асты [өсті, үстем болды]

lat: Mártebesi [mereıi] asty [ósti, ústem boldy]

Беделі күшейді, абыройы артты. Ұлт пен ұлт бірлесіп, Мәртебесі күнде өсіп, Зор қуаныш мол табыс, Мол дәулетке жырғады (Ү. Кәрібаев). Сал майданға, мені сал! Жау мерейін асырып, бөгелетін жер емес! (М. Әуезов), Сүйерім де, сүйенерім де, тірегім де, жүрегім де сенсің, менің құдіретті социалистік Отаным! Ендеше, сенің мерейің үстем бола берсін! (С. Сейітов). Мен сөйлемей, кім сөйлер, Тұрғанда өсіп мерейім! Ере алмаған заманға, Ақынды ақын демеймін (Қ. Тоғұзақов).