lat: Mártebesi kóterildi
а) Беделі артты, абыройы асты, дәрежесі өсті.
Бұл – бір дос сүйеніп, дұшпан күйінгендей іс болды. Қызылбикенің мәртебесі көтерілді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
ә) Масаттанды, мақтанды.
Өткен іс қой, несін жасырайын, жұрттың маған «сұлусың» дегеніне біртүрлі мәртебем көтеріліп, масаттанатынды шығардым (Б.Аманшин, Жар мұңы). Менің адамдығыма, Үндістанға ақпейілмен келгеніме, мыналардың шексіз сенгеніне мәртебем көтеріліп, қуанып кеттім (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай).