Мәселе қою

lat: Másele qoıý

Бір істі көпшіліктің талқысына салу.

Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім білдіру туралы мәселе қоюға хақылы (ҚР Конституциясы).