Мүлде, мүлдем, тіптен, тіпті, шіли, мұқым

lat: Múlde, múldem, tipten, tipti, shilı, muqym.

Үзілді-кесілді тыйым ретінде айтылатын үстеулік сөздер.

Осыдан кейін өзі тұйық мінез өкем мүлде сөйлеспейтін болып алды (Б. Шаханов).

Үй ішіне қолғабыс тигізуден енесі биыл мүлдем қалған (Ә. Әлішев).

Ойпыр-ай, ата- анадан тіптен жас қалған екенсің, шырағым (М. Иманжанов).

Тіпті шыдамаған соң, тұрды да үйіне қарай жүре берді (М. Дүйсенов).

Шіли қорқа бермеңдер, қажет жерінде көмегімізді аямаспыз (Ә. Әлішев).

Орхон жазуының нұсқаларында шығыс септік жалғауы мен оның қосымшасы атымен болмаған («Қазіргі қазақ тілі»),

Әділ сайға түскен бойы етек-жеңі мұқым түрініп алды да, жүгіруге ыңғайлана беріп, артындағы жолдастарына қарады (Ә. Сәрсенбаев).