дөңгелек ауыздылардан, панцирлі шортаннан жəне сүйекті балықтардан басқа, омыртқалы ұрықтың воронка мен қатпаршақ (клоака) қуысымен бүйрек алды (пронефростың) каналдарын байланыстыратын өзекше. Аналықтарда Мюллер каналы жұмыртқа жолына жəне оның туындыларына айналады, акулалылар, тұтас бастылар жəне қостынысты балықтарда, кейбір шеміршекті ганоидтардан жəне қосмекенділерден басқа аталықтарда жойылады. Аталық сүтқоректілерде Мюллер каналының қалдығы несеп шығару жолына ашылатын, екі мүйізді қуысты – аталық жатыр дамиды.