МУЛЬТИПЛИКАЦИЯ

lat: Múltıplıkasıa

[лат. multiplicatio] зат.өнер.1. Жүйеленген суреттерді кино етіп түсіру ісі.

Мультипликацияда сурет пен қуыршақтар басым пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Атомдық, молекулалық процестерді мультипликация әдісімен айқын көрсетуге болады .Құдайқұлов, Оқу киносы).

2. Жүйеленген суреттерді жалғастырып түсірілген фильм, мультфильм .

Режиссер-суретшілер: Ж.Даненов пен Ғ.Қыстауовтың «Алпамыс батыр», «Айдаһар аралы», Е.Әбдірахмановтың «Тапқыштар», «Бозторғай», Б.Омаровтың «Үш шебер», «Қаңбақшал», Т.Мұқанованың «Жібек шашақ», «Қайшы», Қ.Сейденовтің «Тігінші мен ай», «Қадырдың бақыты» атты мультфильмдері қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармалар (ҚҰЭ). Біз алғаш рет қазақ топырағында өз мультипликациямызды жасауға бел байладық («Қаз. әдеб.»). Қазақ мультипликация өнерінің тұсаукесер мультфильмі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» 1967 ж. қазақ ертегісінің негізінде түсірілді («Қаз. әдеб.).