lat: Múmkin emes
Ешбір болмайды, олай болатын жөні жоқ.
Намыс та махаббат секілді адамның ішкі жан сезімі. Оны бірер сөзбен жеткізу мүмкін емес («Жас Алаш»).
Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылмен не жерлеп, не сырлап айтқанменен еш нәрсеге көндіру мүмкін де емес (Абай, Тол. жин.).
- Жоқ, жоқ, мүмкін емес. Алма жазбайды, мұны басқа біреу жазды (Ә.Бүркітбаев, Мұғалім).