типі әртүрлі ақпаратты өңдеу күралдарын дайындау, жұмыс істеу және қолдану ретін сипаттайтын технология; типі әртүрлі ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиялары негізінде әзірленген ақпараттық ресурс; ақпаратты өңдеу мен ұсынуға байланысты жұмыс істеу типі әртүрлі компьютерлік бағдарламалық жасақтама; көмегімен типі әртүрлі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын компьютерлік аппараттық жасақтама; типі әртүрлі дәстүрлі статикалық көрінерлік ақпаратгы да (мәтін, график), динамикалық ақпаратты да (сөз, әуен, бейне үзінділер, анимация және т.б.) өзіне қамтитын ақпараттың ерекше қорытынды түрі. Сонымен, кең мағынада «мультимедиа» термині (бір мезгілде оқырман да, тыңдаушы да, көрермен де бола алатын) пайдаланушыға аса тиімді ықпал ету максатымен әртүрлі бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрін білдіреді.