lat: Mýsondyq aǵystar
Мұхит пен теңіздерде муссон желдерінің әсерінен пайда болатын су бетіндегі желдік ағыстар.
Муссондық ағыс негізінен, Үнді мұхитының солтүстік бөлігінде (қыста Азиядан Африка мен Австралияға, жазда – керісінше): экваторлық белдеуде, Арабия түбегінде, Бенгал шығанағында, Сомали түбегінің жағалауында қалыптасқан (ҚҰЭ). Муссондық ағыстар 100-200 м тереңдікке дейін таралады және муссон бағытын алмастырумен сипатталады. Үнді мұхитының терістігінде муссондық ағыстардың жылдамдығы 5-9 м/с-ке жетеді (Қаз. тілі термин. Су.).